«Жекешелендірудің екінші толқынына жаңа серпін беру үшін Үкімет 65 ірі компанияның тізімін жасады. Аталған компаниялар 2014 жылы үкімет бекіткен 853 нысан тізімін толықтырады», - деді Б.Сұлтанов.
Оның айтуынша, ТОП-65 компанияға бағалау жүргізу және жекешелендірілетін нысандар мәмілелеріне көмектесу үшін халықаралық консультанттар тартылатын болады.
«Әрбір мұндай ірі нысан бойынша жұмыстар жеке жүргізіледі және Үкімет жанындағы жобалық кеңсе тарабынан бақылауға алынады», - деді министр.