АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша 3,6 мың несие берілгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2018 жылдың 1 шілдесінен «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы басталды. Бүгінде 43, 7 млрд теңге сомасына 3 600 несие берілді. Жалпы 92 млрд теңгеден астам мөлшерде өтінімдер келіп түсті», - деп нақтылады Премьер-Министр орынбасары.
Еске салайық, Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.