Үкіметте тау-кен металлургия кешенін дамыту мәселесі қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте тау-кен металлургия кешенін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жсап.

Фото: primeminister.kz

Атап айтқанда, геологиялық барлауға халықаралық стандарттарды енгізу жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ кен орындарын игеру тиімділігін арттыру және салаға инвестициялар тарту жөніндегі шаралар қаралды.

Талқылау барысында Премьер-Министр тау-кен металлургия кешенінде жаңа бастамалар мен жобаларды іске асыру кезінде мемлекет пен бизнес мүдделерінің балансын сақтау қажеттігін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берілді.