Кеше Өскемен қаласына жұмыс сапарымен бірінші вице-премьер Өмірзақ Шөкеев келіп, бірқатар индустриялдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Ө.Шөкеев Өскеменнің арматура зауыты, құс фабрикасы мен жылыжай кешенінде болды. Осы кәсіпорындардың барлығының жобасы Қазақстанның Индустрияландыру картасына кіреді.
Сапар барысында бірінші вице-премьер осы индустриалдық жобалардың жүзеге асырылуымен терең танысып, бүгін оның жүзеге асырылуын селекторлық жиналыста талқылау күтілуде.