АҚТАУ. KAZINFORM – «Ақтау теңіз сауда порты» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Абай Түрікпенбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
- Ұлттық қауіпсіздік Комитеті аталған тұлғаға қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 361-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген ресми жауапта.
Бұған дейін, 29-мамыр күні Ақтау халықаралық теңіз-сауда портының президенті қамауға алынғанын, тергеуді Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті жүргізіп жатқанын жазған болатынбыз.
Дереккөз «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы қазір уақытша тергеу изоляторында жатқанын хабарлаған еді.
Аягөз Ізбасарова
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.