ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 маусымда ҰҚК «А» арнайы мақсаттағы қызметінің оқу-жаттығу ғимаратында жоспарлы тактикалық сабақтар өткізу барысында оқыс оқиға болып, қызметтік міндеттерін атқару кезінде нұсқаушы майор К.Е.-ге оқ тиген.
«Ол дереу Астана қаласының №1 қалалық ауруханасына жеткізіліп, сол жерде есін жимастан қайтыс болды. Аталған факт бойынша ішкі істер органдарымен бірлесе тергеу жүрізілуде», делінген хабарламада.