СТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Лаңкестікке қарсы орталығының ведомстоаралық үйлестіру комиссиясының бүгін өткен кезекті отырысында 2011 жылғы жетінші қысқы Азия ойындарын өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Комиссияның жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің, республикалық министрліктер мен ведомстволардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.
Отырыс қатысушылары Азия ойындары қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мақсатында тиісті хаттамалық шешім қабылдады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.