Украина президенттігінен 18 адам үміткер

АСТАНА.  Қарашаның  12-сі.  ҚазАқпарат -    Орталық сайлау комиссиясы   Украина  президенттігіне  кандидаттарды тіркеу амалын  аяқтады.

  Барлығы 18  адамның   Украина президенттігіне  таласы  бар,   тағы    15 адамды   Орталық  сайлау комиссиясы   тіркеуден бас тартты,  деп хабарлайды   «Маяк»  радиосы.

Украинада президенттік сайлау    2010 жылы  қаңтардың  17-сінде  өтеді.   Виктор Ющенко   президенттік  сайлаудың кейінге ысырылмайтынын  мәлім етті.     Себебі,  осының алдында бірқатар   украиналық саясаткерлер  тұмау    эпидемиясына байланысты    елде төтенше жағдай    енгізіліп, ал  сайлаудың    қаңтар айынан  мамыр  айына ауыстырылу мүмкіндігі  туралы пікірлер айтқан  болатын.