Сайлаудың екінші турына Өңірлер партиясының жетекшісі Виктор Янукович пен ел премьер-министрі Юлия Тимошенко қатысады.
Орталық сайлау комиссиясының ресми мәліметі бойынша, сайлаудың алғашқы турында Виктор Янукович 35 пайыздан астам дауыс, ал премьер Юлия Тимошенко 25 пайыз дауыс алған болатын, деп хабарлады «Маяк» радиосы.