деп хабарлайды РБК агенттігі.
Сайлауға халықаралық ұйымдардан, соның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымынан (ЕҚЫҰ) және ТМД Парламентаралық ассамблеясынан 270-ке жуық байқаушы тіркелген.
Президент лауазымына 18 үміткер дауысқа түсуде - Аймақтар партиясының басшысы Виктор Янукович, Украина премьер-министрі Юлия Тимошенко, елдің қазіргі президенті Виктор Ющенко, кәсіпкер Сергей Тигипко, социалистер көшбасшысы Александр Мороз, Жоғарғы Рада спикері Владимир Литвин, адвокат Олег Рябоконь, бұрынғы қорғаныс министрі Анатолий Гриценко, парламенттің бұрынғы спикері Арсений Яценюк, Компартия басшысы Петр Симоненко, депутат Инна Богословская, ұлтшыл «Еркіндік» партиясының басшысы Олег Тягныбок, Украин халықтық партиясының басшысы Юрий Костенко, «Халықтық құтқару армиясы» қоғамдық қозғалысының көшбасшысы Александр Пабат, Еркін демократтар партиясының басшысы Михаил Бродский, Халықтық-демократиялық партияның басшысы Людмила Супрун, Ужгород мэрі Сергей Ратушняк және кәсіпкер Василий Протывсих.
Дауыс беру тізіміне шамамен Украинаның 36,577 миллион азаматы енгізілген. Сауалдамаға сәйкес сайлауға 90 пайызға украиндық қатыспақ. Респонденттердің 6,9 пайызы ғана сайлау учаскелеріне бармайтынын білдірді.