Украиналық және ресейлік эстрада жұлдыздары шақырылған, отшашу атылған бұл той сот қызметкеріне 400 мың еуроға түскен.
16:49, 23 Сәуір 2010
Украинада судья мерейтойын тойлауға 400 мың еуро жұмсады
АСТАНА. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат - Украина Президенті Виктор Янукович құқық қорғау органдарына судьялардың табыс көздерін тексеру туралы тапсырма берді. Мұндай тапсырма беруге нақты не себеп болғаны бүгін мәлім болды, сөйтсе, Днепропетровск қаласының судьясы өз мерейтойының құрметіне Қырымда аста-төк той жасаған болып шықты, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.