оның ішінде 16 адам соңғы тәуліктің ішінде көз жұмып отыр, деп хабарлайды Украинаның Денсаулық сақтау министрлігінен. Жексенбі күні кешке ведомство 299 құрбан туралы хабарлаған болатын.
Қазаның айының соңында Украинада тұмау эпидемиясы жария етілді. Министрліктің мәліметі бойынша, осы аралықта 1 миллион 400 мың 999 адам ауырған. Ал соңғы тәулікте 16 адам көз жұмған.
Тұмау індеті басталғалы бері 78 мың 326 адам ауруханаға түсті, олардың ішінде 317 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Министрліктің ақпараты бойынша, індет басталғалы бері ауруханаға түскендердің 48 мың 155-і жазылып шыққан.