Украинада тұмаудың салдарынан 381 адам көз жұмды

АСТАНА. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат - Тұмау мен тыныс жолының вирустық инфекциясының індеті Украинада 381 адамның өмірін қиды.

 Тек  қана  соңғы   тәуліктің ішінде    тұмаудан 7 адам көз жұмды,  делінген    Украинаның  Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында   жексенбі  күні    жарияланған  ақпаратта.

Тұмау індеті Украинада қазан айының соңында басталды.  Осы аралықта 1 608  астам адам  ауырып,  95 мың  адам  ауруханаға  жатты.  Соңғы тәуліктің ішінде 1 495  адам  ауруханаға түсті,  226 науқас     жансақтау  бөлімінде  жатыр, 27 адам      жасанды жолмен   тынысалу  аппаратына   қосылған.

Бұған дейінгі ақпараттарда A/H1N1  тұмауымен   ауырудың 255 оқиғасы  расталып,  оның 17-сі - кісі   өлімімен  аяқталды.