Украинаның Орталық сайлау комиссиясы бюллетеньдердің 93 пайызын санап шықты, алда Янукович

АСТАНА. Ақпанның 8-і. ҚазАқпарат - Украинаның Орталық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының электрондық хаттамаларының 93,06 пайызын санап шықты.

Президенттік сайлаудың екінші турында Өңірлер партиясының жетекшісі Виктор Янукович - 48,41 пайыз, ал премьер-министр Юлия Тимошенко 45,95 пайыз дауыс алып отыр, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Сайлаушылардың 4,44 пайызы бірде-бір кандидатқа қолдау білдірмеген. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, сайлаушылардың белсенділігі 69,07 пайызды құраған.