Улан-Удэде қысқа тұйықталудан жылу электр орталығы істен шықты

АСТАНА. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат - Улан-Удэде желтоқсанның 14-інде қараған түні қысқа тұйықталудың салдарынан қалалық ТЭЦ-1 істен шықты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Тайга.инфо сайтына сілтеме жасап.

Қысқа тұйықталудың салдарынан үш қазандық агрегаты және төрт желілік сорғы жұмысын тоқтатты. Осының салдарынан қаладағы орталық жылумен жабдықтау жүйесі бұзылды.

Апаттан кейін жарты сағат өткен соң мамандар бір қазандық агрегатты және желілік сорғыны іске қосты. Жылыту жүйесіне су беру қалпына келтірілді.