Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, қазіргі кезде олар Интерпол бойынша халықаралық іздеуге берілді. Тайландтағы Интерполдың ұлттық орталығы хабарлағандай, аталған қылмыскерлер бұл елге өткен жылы қыркүйек-қазан айларында келген болатын. «Осыған орай Интерполдың Қазақстандағы бюросы ағайынды екеуді ұстап, елге қайтару жөнінде арнайы хат жіберген еді. Бірақ әлі күнге ол азаматтарды ұстау туралы ешқандай ақпарат жоқ», - дейді Қ.Жұманов.