деп хабарлады «РИА «Новости» агенттігі Ядролық зерттеулердің еуропалық ұйымына сілтеме жасап.
«Сәрсенбі күні Үлкен андрондық коллайдар қызмет көрсетуші топқа табыс етілді. Бірер күннен кейін қондырғыны тексеру шаралары аяқталып, жұмыс тобы үдеткішті іске қоса алады», делінген ұйымның хабарламасында.
Женеваның маңында, швейцария-француз шекарасында салынған коллайдер протон шоқтарын қарсы күшпен айдайтын күрделі кешен. 100 метр тереңдікке салынған 27 шақырымдық шеңберден тұратын құрылыста протон шоқтарын айдау үдерісін 53 жоғары магнит өткізгіші басқарады. Өткен жылдың қыркүйек айында алғаш іске қосылған кезде, коллайдердің магнит жүйесінен ақаулар табылған. Соның салдарынан жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін коллайдердің жұмысы тоқтатылған болатын.