Үлкен андрондық коллайдер рекорд орнатты

АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Үлкен андрондық коллайдер жаңа рекорд орнатты.

Ол тұңғыш рет протон шоғырларын жобалық қуаттың жартысына дейін айдады, деп хабарлайды РСН агенттігі.

Жоспарға сәйкес, ғалымдар жақын күндері бөлшектерді бір-біріне қарсы соғады. Ол процестен туындайтын энергия 7 тераэлектронвольтты құрайтын болады, дейді ғалымдар.

Женеваның маңында, швейцария-француз шекарасында салынған коллайдер протон шоқтарын қарсы күшпен айдайтын күрделі кешен. 100 метр тереңдікке салынған 27 шақырымдық шеңберден тұратын құрылыста протон шоқтарын айдау үдерісін 53 жоғары магнит өткізгіші басқарады. 2008 жылдың қыркүйек айында алғаш іске қосылған кезде, коллайдердің магнит жүйесінен ақаулар табылған еді. Соның салдарынан жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін коллайдердің жұмысы тоқтатылған болатын. Коллайдер былтыр қараша айында қайта іске қосылды.