Үлкен айсберг Гренландиядағы Иннаарсуит ауылының тұрғындарын шошытты

Фото: BILD

АСТАНА. KAZINFORM – Гренландияның батыс жағалауындағы шағын Иннаарсуит ауылының тұрғындары  алып айсбергті көріп, қорыққандарын айтып отыр, деп хабарлайды Kazinform BILD басылымына сілтеме жасап.

Айсберг екі бөлікке бөлініп, қазір балық зауыты мен азық-түлік дүкенінен бірнеше метр жерде елді мекеннің жоғарғы жағында тұр. Оның биіктігі 100 метрден асады, ал салмағы сарапшылардың пікірінше, 11 миллион тоннаға дейін жетеді. 

Алып мұз қабаты алғаш бір апта бұрын байқалған. Содан кейін ағыс ағып кеткен. Бірақ осы аптаның басында қайта оралды және қазіргі кезде әрең қозғалып тұр. Жергілікті билік төтенше жағдай жариялап, ауылдың бір бөлігін эвакуациялады және тұрғындардан аса сақ болуды сұрап отыр. Айсберг құласа немесе ыдырай бастаса, ауылға қауіп төнуі мүмкін. 

Бұл – аталған аймақтағы бірінші жағдай емес. 2018 жылы ауылға тағы бір мұз алыбы жақындаған. Осыған байланысты тұрғындар толық эвакуацияланған. Бірақ айсберг қауіп төндірмей, жай ғана қалқып ағып кеткен. 

Еске сала кетейік, бұған дейін әлемдегі ең үлкен айсберг жойылып кетуі мүмкін екенін хабарлаған едік.