деп хабарлайды Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
«Шұғыл іздеу жұмыстарының барысында желтоқсанның 2-сінде сағат 19.00-де «Нұрқазған» кенішінің аумағында рөлінде Қарағандының 24 жасар тұрғыны отырған, қасында 28 жасар ер адам бар жартылай тіркеме тіркелген «Цзефан» маркалы автоцистерна ұсталды. Цистернада 1 млн. 180 мың теңге сомасында 15,7 тонна дизель отыны анықталды. Олардың тиісті құжаттары болмаған», - деп айтылған қылмыстық оқиға анықтамасында.
Ұсталғандар қамауға алынды. Оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.