Ұлттық банк ақша-кредит саясатын қосымша қатаңдату қажеттігін мұқият бақылайды

Фото: Фото: Адлет Беремкулов/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық банк ақша-кредит саясатын қосымша қатаңдату қажеттігін мұқият бақылайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.

- Ір сауда серіктесіміз Ресейдегі инфляцияның жеделдеуі және әлемдік азық-түлік нарықтарындағы бағаның өсуі байқалып жатыр. Бұл жағдайда Ұлттық банк 29 қарашада базалық мөлшерлемені 15,25 пайызға дейін көтерді. Қаржы және энергетика нарықтарындағы құбылмалық жағдайында Ұлттық банк инфляцияның 5 пайыздық орта мерзімді таргеттік баяулау траекториясын қадағалап, ол үшін ақша-кредит саясатын қосымша қатаңдату қажеттігін мұқият бақылайтын болады, - деді Тимур Сүлейменов.

Оның атап өтуінше, қарашаның қорытындысы бойынша жылдық инфлеция 8,4 пайыз деңгейінде қалыптасты. Инфляцияның баяулауына азық-түлік тауарларының дезинфляциясы ықпал етуде.

Алайда соңғы айда оның 5,4 пайызға дейін жеделдеуі тіркелді. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі аз ғана баяулап, 8 пайызды құрады.