Ұлттық банк арнайы банк құруды қолдамайды - Ұлттық банк төрағасының орынбасары
16:59, 12 Шілде 2010
АЛМАТЫ. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Мамандандырылған институт құру мақсатқа лайықты емес.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев бүгін ғаламторды пайдаланушылармен өткен он-лайн конференцияда осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Дағдарыстан кейінгі қаржы секторын дамыту тұжырымдамасында мамандандандырылған банк құру болашақта жоспарланып отырмағаны көрсетілген еді. Алғашқы кезекте кез келген маманданған банк мемлекеттен қосымша ресурстарды қажет етеді. Қазір нарықтағы барлық қатысушылар бірдей бәсекелестік жағдайында жұмыс жасауда. Бұл үлгі өзінің өміршеңдігін дәлелдеді", дейді Данияр Талғатұлы. Оның айтуынша, Ұлттық банк арнайы банк құруды қолдамайды.