деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қайта қаржыландырудың жылдық мөлшерлемесін 8 пайыз деңгейде белгілеу елдегі инфляцияның төмендеуіне байланысты. Ол өткен айда 7,6 пайызды құрады. Инфляцияның деңгейінің төмендеуі алдағы уақытта да жалғаса беретін болса қайта қаржыландыру мөлшерлемесі қайта қаралатын болады», дейді Қазақстанның бас банкирі Г. Марченко. Григорий Александровичтің айтуынша, Ұлттық банк биыл қайта қаржыландырудың жылдық мөлшерлемесін осымен төрт рет 10 пайыздан 8 пайызға дейін төмендетіп отыр.