Номиналы 100 теңге шақалар айналымға 2011 жылдың 28 желтоқсанында енгізілді.
Монетаның бет жағында (аверсінде) төменгі бөлігінде стильдендірілген стадион суретімен қоршай бейнеленген Қазақстан Республикасының елтаңбасы орналастырылды. Осында монетаның дайындалған металын, оның сынамасы мен салмағын білдіретін - «Ag 925 31,1g.» және соғылған жылын білдіретін - «2011» жазулары бар. Сол жақ бөлігінде - «100 ТЕҢГЕ», монетаны айналдыра «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазулары бар. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан.
Монетаның қыры - бедерлі. 925 сынамалы күмістен жасалған, салмағы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм, сапасы - «proof».
Ең көп таралымы - 8 мың дана, соның 3 мың данасы Қазақстанның ішкі нарығына енгізілді.