Ұлттық банк ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін төмендетті

АЛМАТЫ. 1 маусым. ҚазАқпарат - Ұлттық банк ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 6,5-тен 6 пайызға төмендетті.

Орталық банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған жылдық инфляция қарқындарының баяулау үрдісі мен қаржы нарығындағы қалыптасқан ахуал түрткі болып отыр. ҚР Ұлттық банкінің басқармасы 4 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін  жылдық 6 пайыз  деңгейінде белгілеуге қаулы қабылдады. Жалпы бұған дейін соңғы рет ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі  2 сәуірде өзгерген еді. Онда мөлшерлеме  7-ден  6,5 пайызға  дейін төмендетілген болатын.