Ұлттық банк төрағасы Мемлекет басшысына бірінші жартыжылдықтағы макроэкономикалық көрсеткіштер туралы баяндады

АЛМАТЫ-АСТАНА. Шілденің16-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченконы қабылдады.

Г.Марченко Президентке еліміздегі ағымдағы макроэкономикалық жағдайы туралы баяндады. Ол Нұрсұлтан Назарбаевты бірінші жартыжылдықтың алдын-ала қорытындыларынан хабардар етті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

- Жалпы, жағдай тұрақты. Инфляция 6,8 пайызды құрайды және белгіленген дәліз аясында тұр. Төлем балансының сальдосы бірінші тоқсанда жағымды болып табылады. Макроэкономикалық көрсеткіштер жаман емес, - деді Г.Марченко.