Бұған дейін қала басшысы Ұлттық банктің Алматыда қалғаны банк секторының дамуына айтарлықтай ықпал еткенін жеткізген болатын.
«Қазір Ұлттық банкті Астанаға көшіру туралы әңгіме жоқ. Бірақ Ұлттық банктің орналасуы бизнестің дамуына ықпал етпейді. Бұл барлық әлемде солай. Бұған баса назар аударудың қажеті жоқ», - деді Мемлекет басшысы.