Сонымен қатар Т. Құлыбаев бизнесті дамытуда қаржы қолжетімділігі маңызды мәселе болып табылатындығын атап өтті.
«Үкімет бұл мәселені шешуде, біз сіздермен бірлесіп осы үрдісті жақсартуға қатысты ұсыныс беруіміз керек. Бізде даму институттары бар, алайда ол механизмдер әлі жұмысқа қойылмаған. Сондықтан ШОБ жобаларын жүзеге асыру мәселелерін шешуіміз керек», - деді Тимур Құлыбаев.
ҰКП Президиумының төрағасы Үкіметтің соңғы кеңейтілген отырысында Президенттің мемлекет қаражаты есебінен қаржыландыруды қажет етпейтін мемлекеттік және коммуналдық меншіктегі нысандарды бизнес ортаға беру туралы тапсырма бергендігін де атап өтті.
«Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі Астана әкімдігімен бірлесіп бизнес ортаға қандай нысандарды беру керектігін қарап шығуы керек», - деді төраға. Бұл туралы ҚР ҰКП баспасөз қызметінен хабарлады.