Ұлттық киноны қолдау орталығына жаңа басшы тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен «Ұлттық киноны қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Гүлнәр Сәрсенова тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрлікке сілтеме жасап.

Гүлнәр Болатқызы Сәрсенова - кинопродюсер, режиссер, сценарист. 1966 жылы 6тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы ҚазҰУ-дыңжурналистика факультетін тәмамдаған. Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтыныңрежиссерлік факультетінде білім алған, кейін атақты СССР кинорежиссеріТатьяна Лиознованың тәлімгерлігінен өткен. АҚШ-тың Феникс қаласындағыуниверситеттердің бірінде қосымша кәсіптік білім алған. Философия ғылымдарыныңкандидаты.
2005 жылы «Eurasia Film Production» кинокомпаниясын құрды, компания Ресей, Америкажәне Еуропаның озық студияларымен халықаралық киножобаларды бірлесіп орындапкеледі.
2008 жылы Пусандағы халықаралық кинофестивальде «Азия киносындағы жыл адамы»сыйлығына ие болды.
2005-2008 жылдары Астана қаласындағы «Еуразия» халықаралық кинофестивалініңұйымдастырушысы әрі бас директоры, ал 2010 жылы Алматы қаласындағы екіншіҚазақстан-Америка кинофестивалінің бас директоры болды.
Оның алғашқы «Моңғол» атты фильмі 2007 жылы Америка кинематография өнерініңакадемиясы ұсынған абыройлы «Оскар» сыйлығының номинанты атанды.
«Қызғалдақ» («Тюльпан») фильмі халықаралық кинофестивальдерде 32 марапатқа иеболған, оның ішінде Аустралияның Брисбен қаласындағы халықаралық фестивальде«2008 жылдың ең үзді толықметражды фильмі» санатында Азия-Тынық мұхиттықкинематографияның ең негізгі сыйлығы – «Азия-Тынық мұхиттық Оскар» сыйлығына иеболды.

2018 жылы «Айка»фильмі Франция, Германия, Түркия, Жапония, Гонконг және АҚШ елдеріндегікиносыйлықтың жүлдегері атанды, Франциядағы Халықаралық Канн фестивалінде«Алтын пальма бұтағы» деген бас марапатқа ие болып, номинант атанды, «Шеттіліндегі ең үздік фильм» санаты бойынша Америка кинематография өнеріакадемиясының «Оскар» сыйлығының қысқа тізіміне енді. Сондай-ақ ГонконгтағыАзия фестивалінде азиялық «Оскар» сыйлығын иеленді.
Естеріңізге салсақ, осы жылдың наурыз айында Қазақстан Тәуелсіздік алғалы осысалада қабылданған алғашқы заңнамалық құжат - ҚР «Кинематография туралы» заңғасәйкес Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы құрылды.

Бұл ұйымныңқызметінің негізгі бағыты ұлттық киноны қолдау, оны халықаралық деңгейге көтеружәне әлемдік нарыққа шығару, Қазақстан киноөндірісіне инвестиция тарту. Аталғанорталық арқылы ұлттық фильмдерге, ұлттық фильм атағын иеленуге ниеттікиножобаларға мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіледі, сонымен қатаркинематография саласында субсидия беріледі.

Соңғы жаңалықтар