«Сіздерге үндеу жасаймын, жас әрі бастамашыл көшбасшылар! Біздің компанияда менің орынбасарлығыма - «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары қызметіне орын босады. Біздің өңірдің тағдырына бей-жай қарамайтын жастарға әлеуметтік желі арқылы үндеу тастағым келеді!», - деп жазды Қ.Бекенов компанияның Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Компания басшысының сөзі бойынша, көшбасшылық қасиеттерге ие және шетелде білім алған үміткерлердің мүмкіндігі зор болмақ.
«Біз облысымыздың өзекті проблемаларын білетін және оның әлеуметтік экономикалық дамуына атсалысқысы келетін адамды іздейміз. Үміткер бастамашыл, талдау жасау қабілетіне ие, адамдармен жылдам тіл табыса білетін, көшбасшылық қасиеттерден кенде емес, басқаруды қолға ала алатын және өз ісіне жан-тәнімен берілетін өте қабілетті адам болуы шарт. Инвестиция тарту, соның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту ісіне көп араласатындықтан, шетелдік білімнің болуы құптарлық», - дейді Қ.Бекенов.
15:34, 17 Шілде 2016
Ұлттық компания басшысы әлеуметтік желі арқылы өзіне орынбасар іздейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қайрат Бекенов әлеуметтік желі арқылы өзіне орынбасар іздейтінін жариялады.