Шараға ғалымдар, мәдени мұра орталығы, мұражайлар мен кітапханалар қызметкерлері, оқу орындарындағы тарих факультетінің ұстаздары мен студенттері қатысып, модераторлық қызметті ҚР Ұлттық мұражайы директорының орынбасары Әзімхан Қойлыбаев жасады. Автошеру музей қызметкерлерін шоғырландыру және олардың күшін мемлекеттік бағдарламаны одан әрі жүзеге асыру мақсатымен өткізіліп отыр.
«Алғашқы «Ұлттық мұра» автошеруінің маршруты Қазақстанның оңтүстік және орталық аймақтарындағы мәдени-тарихи нысандар мен облыстық музейлерді аралауды жоспарлаған. «Ұлттық мұра» автошеруін ұйымдастырушы Ұлттық музей ұжымы осы шараны өткізу арқылы музей ісі бойынша тәжірибе алмасу, аймақтардағы музейлердің жетістіктерін, проблемалары мен келешектегі даму жолдарын талқылады мақсат етеді. Тарихи-мәдени мұраны көпшілікке таратудағы тиімді тәжірибені талдап, қорыту және тарату міндеттерін көздейді», - делінген баспасөз баянында.