деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығы қарсаңында біздің ардагерлерімізге едәуір көмек көрсетіп жатырмыз. Барлық соғыс ардагерлерінің ешқайсысы қамқорлықсыз, қолдаусыз қалмайды. Ардагерлерде барлық қалаларда, аудандарда, ауылдарда көмектер көрсетіліп, құрметтер білдірілуде. Біз солардың арқаларында бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Біз жеңімпаз әкелеріміздің бақытты балаларымыз. Біздің бақытымыз осында», деді Н. Назарбаев.
«Біздер әкелеріміз бен аталарымызды құрметтей отырып, келешек ұрпаққа балаларымыз бен немерелеріміз үшін Тәуелсіз Қазақстанды құрып жатқан біздерді құрметтеңдер деп айтамыз. Бұл тамаша үлгі және біз дұрыс істеп жатырмыз», деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.