Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО-ның жалпы адам шығыны 26 миллион 600 мың адамды құрады. Оның ішінде:
басып алынған аумақтарда 7 420 379 бейбіт халықтың көзі жойылды, оның 216 431-і балалар болды;
5 268 513 адам Германияға күшпен алып кетілді, соғыстан кейін 2 654 513 адам елге оралды, 451 100 адам эмигрант атанды, қалған 2 164 313 адам қаза болды немесе тұтқында көз жұмды;
Қарулы күштердің шығыны (өлтірілгендер, жарақаттан және аурудан қайтыс болғандар, қайғылы оқиғалардың салдарына опат болғандар, әскери трибуналдың өкімімен атылғандар, тұтқыннан қайтпай қалғандар) - 8 668 400 адам, бұл тізімге мобилизация бойынша әскерге шақырылған, бірақ майданға жетпеген және әскери бөлімдеріне барғанға дейін із-түзсіз жоғалған
әскери міндеттілер емес кірмейді, бұл тағы 500 000 адам.;
Санитарлық шығындар (жараланғандар, контузия алғандар, ауырғандар, үсік шалғандар және күйік жарақатын алғандар) - 18 344 147 адам;
Тағы 5 миллион 59 мың кеңес жауынгері із-түзсіз жоғалған және тұтқынға түсіп қалған (олардың 500 мыңы - өз әскери бөлімдеріне бара жатқан жолда жаудың қолына түсіп қалған әскери міндеттілер). 450-500 мыңдай адам - майдан даласында қаза болып, із-түзсіз қалуы мүмкін.
Ал айып роталары ме батальондарының жалпы шығыны - 170 298 адам (соғыс жылдары айып батальондары мен роталарына 427 910 адам жіберілген).
Соғыс жылдары 1 миллион 200 мыңдай қазақстандық майданға аттанды. Олардың 410 мыңы қаза тапты, 125 мыңы - із-түзсіз жоғалып кетті. Еңбек майданына Қазақстан аумағында арнайы қоныс аударушылар мен жергілікті халықтың қатарынан 700 мың адам шақырылған.