Бүгін бұл айдарда біз Ұлы Отан соғысының ардагері Жұмай Досқалиұлы Әлішевтің ерлік жолы туралы әңгімелейміз.
Жұмай Досқалиұлы, сірә, Ақтөбе облысындағы Еуропаның төрт астанасын азат еткені үшін медальдармен марапатталған Ұлы Отан соғысының жалғыз ардагері шығар. Бірінші Украина майданының құрамында болған ол Киев, Варшава, Праганы босатып, Берлинге дейін жетті. Орел-Курск иініндегі қырғын ұрыстарға белсене қатысқан. Өзінің жауынгерлік ерліктері үшін 14 медаль ордендерге болды, солардың арасында «Қызыл жұлдыз», «Ерлігі үшін» марапаттары да бар.
Жұмай Досқалиұлы майданға 1942 жылы 18 жасар шағында шақырылды. Ең алғашқы рет ұрысқа Смоленск түбінде араласты, сонда алғаш жарақат алды. Одан кейін атқыштар полкінің құрамында ұрыстарға қатысты, үшінші рет жау оғы Калинин майданында 127-полк сапында мергендер жасағында тағы жарақаттады. Бірақ та оған да қарамастан тірі қалып, Жеңістің ақ таңын қарсылады.
«Толық орта білім болмағандықтан мені Мәскеу түбіндегі зеңбірекшілердің үш айлық оқуына жіберді, сол мектепті қару командирі ретінде бітіріп, мен қайтадан қырғын майданның ортасына келдім - Орлел-Курск иінінде болған жойқын ұрыстарға қатысқаным үшін «Курск» медалімен марапатталдым».
Соғыстың аты - соғыс. Онда қатерлі сәттер аз болмайды, қан майданда Отан үшін оққа ұшқандар қаншама?!
1943 жыл болатын. Көп уақыттан бері бізге елеулі соққы беріп жүрген неміс атқышын нысанаға алдық, - еске алады Жұмай аға. - Алайда оны қолға түсіру оңай емес еді. Содан, әбден бақылап, жапырақ сыбдырымен қай тұстан оқ атып жатқанын мұқият есептеп шығарып, мен оны мұрттай ұшырдым».
Бірде, Чехословакия астанасы Праганы азат еткенде Жұмай сегіз адамнан құралған өзінің шағын отрядымен жиырма немістен тұратын топты қоршап тұтқындады. Кейін анықталғандай, олардың екеуі фашистік Германияның генералдары болып шықты.
Көптен күткен Жеңістен кейін 1945 жылдың қыркүйегінде Жұмай Әлішев үйіне оралады. Кешкі мектептегі оқуын аяқтап Алматыдағы жоғары ІІМ мектебіне оқуға түседі.
Бейбіт өмірде де ол зұлымдықпен күресе жүріп, көп жетістіктерге жетеді. Темір ауданындағы милицияның учаскелік инспекторы жұмысынан еңбек жолын бастаған ол арнайы әскери комендатура басшысы қызметіне дейін көтеріледі. Ішкі істер орындарында еңбек еткен 36 жыл ішінде талай рет полицияның үздік учаскелік инспекторы атанып, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды.
Қазір Жұмай-аға 86 жаста, өзінің қаһармандық күндері жайлы әңгіме шертіп отыратын, отансүйгіштікке тәрбиелейтін 15 немеренің атасы. Шөберелерін де қызықтағысы келеді...