2008 жылы Қытайда осы мәселеге байланысты жанжал ушығып кетті. Бұл алты бала улы сүтті ішіп, шетінегеннен кейін болған оқиға еді. 2009 жылдың қараша айында Қытайда құрамында меламині бар сүт ұнтағын сатқаны үшін сүт өндірісінің екі қызметкері өлім жазасына кесілген болатын.
Меламин - пластик өндірісі саласында қолданылатын улы зат. Ол адам ағзасында тас жинап, бүйректі зақымдайды.