Лондон әуежайларына алғашқы самолеттер келіп қона бастады. Алайда, көптеген рейстер әлі күнге шейін белгісіз уақыттарға кешігуде.
Хитроу - Еуропадағы ең үлкен әуежай. Ол қазір бос тұр. Өткен бейсенбіден бастап бұл жерде барлық рейстер алынып тасталған. Ұлыбритания әуе кеңістігінің әйтеуір ашылғандығына қарамастан, көптеген әуе компаниялары өздерінің рейстерінің нақты ұшатын уақытын айта алмай отыр. Қазір көптеген әуежайлар ұшып келу үшін ғана жұмыс істеуде.
Хитроу Мартин Крагс әуежайындағы қазақстандық әуе компаниясының өкілі хабарлағандай, «Тек Хитроудың өзінен күн сайын 15 мыңға жуық адам ұшып кете алмай қалады. Үкіметтің соңғы мәлеметі бойынша, мың жарым миллионға таяу жолаушылар Еуропа елдерінен Ұлыбританияға ұшып шыға алмай жатыр».
Ағымдағы сәтте Лондонда қазақстандық әуекомпаниялармен ұша алмай отырған 300-ге жуық жолаушы бар. Бүкіл Еуропа бойынша 1200-ге жуық адам осындай жағдайда қалып отыр. Ақпарат әр 6 сағат сайын жаңарып отыр. Барлық аамдар әуекомпания өкілдерімен байланыс үстінде. Олардың кеңселері хабарлағандай, барлық билеттерді кешкі уақытқа айырбастауға немесе ақшасын қайтарып алуға болады.
Қазақстанда қазір Ұлыбритания мен Еуропаның басқа да қалаларына 2000-ға таяу жолаушы ұшуды күтіп отыр. Әрине, ең алдымен адамдарды қауіпсіздік мәселесі алаңдатады. Қазақстандық әуекомпаниялар өкілдерінің айтуы бойынша, әр ұшақта атмосферадағы жағдайды қадағалау мен оның лайнердегі техникалық жағдайына әсерін бақылап отыру мақсатында бір маман болады.
Соңғы деректер бойынша, Қазақстаннан Лондонға қарай бірінші рейс бүгін кешке ұшады деп жоспарлануда. Жанармай құйып, ұшақты техникалық тексеруден өткізген соң бірден кері ұшады.