Sky News агенттігінің хабарлауынша, көрермендердің дауыс беру қорытындысы бойынша Либералдық демократтар партиясының жетекшісі Ник Клегг (Nick Klegg) жеңімпаз деп танылған.
Ол жалпы саны 10 мыңдай адам қатысқан, үш өз алдына бөлек сұрау салулардан мейлінше көп дауыс жинаған (дауыстардың тиісінше 37, 51 және 43 пайызы).
Осылайша, Клегг Консервативтік партия көшбасшысы Дэвид Кэмеронды және қазіргі премьер-министр, Ұлыбританияның Лейбористік партиясының жетекшісі Гордон Браунды да артта қалдырып кетті.