Ұлытауда жалпы саны 141 285 сайлаушы тіркелген. Дегенмен оның ішінде 82 999 адам дауыс беруге келген.
Ұлытау аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, облыс бойынша 82 999 сайлаушы дауыс берді.
Ал сайлауға 6 саяси партия қатысты.
Комиссия қорытындысына сәйкес, мәслихат сайлауына қатысқан партиялар сайлаушылар даусын былай бөліскен:
1. Amanat партиясы – 57,83 % немесе 47 409 адам дауыс берді;
2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 11,17% немесе 9 159 адам дауыс берді;
3. Respublica партиясы – 3,45% немесе 2 827 адам дауыс берді;
4. Қазақстан халық партиясы – 4,19 % немесе 3 435 адам дауыс берді;
5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 7,35% немесе 6 022 адам дауыс берді;
6. «Ақ жол» демократиялық партиясы – 14,48 % немесе 11 874 адам дауыс берді.
Ал 1252 адам «Бәріне қарсымын» бағанын таңдаған.
«Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 5 және одан көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың былайша бөлінді: «Amanat» партиясы – 8 мандат, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2 мандат, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы - 1 мандат, «Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы -2 мандат», - деді аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Битенова.