деп хабарлайды ҚазАқпарат «Нұр Отан» ХДП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ұлытау» тобы Еуропаның ірі қалаларында концерттер қояды, сондай-ақ түрлі музыка фестивалдарына қатысады. Продюсер Қыдырәлі Болмановтың және музыканттардың шығармашылық бірігуі соңғы 8 жыл бойы жемісті еңбегімен көпшілікті қуантып келеді. «Ұлытау» тобы өз шығармашылығында қазақ музыкасының інжу-маржандарын жандандырды, домбыраны, күйлерді жаңа қырынан танытты.
Таяу уақыттары «Ұлытау» тобы Германияда, Румынияда, Испанияда және Францияда бірқатар концерттер қояды.