Үндістан әскерінің жаттығу орталығын лай көшкіні басып қалды

АСТАНА. Ақпанның 8-і. ҚазАқпарат - Үндістанның Кашмиріндегі үнді әскерінің жаттығу орталығын лай көшкіні басып қалды, алты сарбаз мерт болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Кашмирдегі әскери өкіл қазіргі уақытта оқиға орнында құтқару жұмыстарының жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.