деп хабарлайды ВВС телекомпаниясы.
«Бұл заманымыздың ұлы орындаушысын еске алуға қосқан менің жеке үлесім. Әншінің рухы біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Ескерткіштің тасымалдану шығынын да мен өз мойныма аламын», дейді ескерткішті жасаушы компанияның директоры Р.Чандрашекхаран. Үнділік кәсіпкердің айтуынша, ол Джексонның Neverland поместьесіне әншінің ескерткішін орнатқысы келетіні туралы оның отбасына жазған.
Тұтас қара гранит тастан қашап жасалған ескерткіш фирмаға 25 мың долларға түскен. Әншінің ескерткіші табиғи тастардан жасалған бұйымдардың «Стона-2010» халықаралық көрмесінде көрсетіліп, жұртшылықты тәнті етіп отыр.