Үндістанда ұшақ апатқа ұшырады, 160 адам қаза тапты

АСТАНА. Мамырдың 22-сі. ҚазАқпарат - Сенбі күні таңертең Үндістанда ұшақ апаты орын алды. Бортында 160 адам болған Air India компаниясының лайнері апат болды,

деп хабарлайды РБК агенттігі.

Соңғы мәліметтер бойынша, лайнер жерге қонар кезде апатқа ұшыраған.

Әуе апаты таңертең Карнатак штатында орын алып отыр. Соңғы деректер бойынша, 6-7 жолаушы ғана аман қалған. Оқиға Манголор штатында жергілікті уақыт бойынша 6.00-да (мәскеу уақыты бойынша 4.30) болған. Дубайдан ұшып келген лайнер ұшып-қону алаңынан шығып кеткен және өртенген.