Үндістандық миллиардер жекеменшік компаниялар мен мемлекеттік мекемелер тарапынан болатын заңсыздықтарға ашулы көрінеді. Соған байланысты Елбасынан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен оның жұмысшылары тап болған қиын жағдайды шешуге ықпал етуін сұрайды.
09:53, 08 Қазан 2013
Үндістандық миллиардер Л. Миттал қазақстандық шенеуніктерге қатысты Н. Назарбаевқа шағымдануда
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Республикалық газеттердің бірінде «АрселорМиттал» компаниясының басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің төрағасы Лакшми Миттал Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жолданған хаты жарияланды. Онда «металлургия патшасы» қазақстандық шенеуніктер, судьялар мен бизнесмендерге шағым айтқан.