Әуежай қызметкерлерінің айтуынша, әуе кемесі таңғы 7-де қонған.
Айта кетейік, бұдан бұрын Мумбаидан Ньюаркке (Нью-Джерси штаты) бет алған AI191 рейсі пайдалану барысындағы қателіктерге байланысты Қазақстанға жіберілгені хабарланған еді. Жолаушылар түгелдей аман-есен қауіпсіз жерге көшірілді.
Үндістандық БАҚ мәліметтері бойынша, ұшақтың жүк бөлігінде өрт дабылы қағылған. Алайда, әуе кемесінен ешқандай өрт немесе түтін табылмады. Қазір арнайы мамандар лайнерді тексеріп жатыр.