АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның ауылдық аудандарды дамыту, ауыз су және санитария министрі Гопинатхрао Мунде ел астанасы Нью-Делиде жол апатынан қаза тапты. Бұл жайында журналистерге Үндістанның жол көлігі, автомобиль жолдары және жүк тасымалдау министрі Нитин Гадкари мәлім етті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Жол апаты жергілікті уақыт бойынша сағат 06:30-да орын алған. Мумбайға ұшып кетпек болған министр Индира Ганди атындағы халықаралық әуежайға бара жатқан жолда көлік апатына ұшыраған. Оқиғаның толық мән-жайы әзірше белгісіз. Оны жедел арада ауруханаға жеткізгенімен дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Н.Гадкаридің атап өтуінше, саясаткердің «жүрегі тоқтап қалған».
Айта кетерлігі, Үндістанның жаңа министрлер кабинеті 26 мамыр күні ант қабылдаған болатын.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.