деп хабарлайды ҚазАқпарат АFР сайтына сілтеме жасап.
Елдің орталық зоологиялық басқармасының жарлығына сәйкес, жануарлар жабайы табиғат жағдайында өмір сүре алатын питомниктерге, қорықтарға және резервацияларға орналастырылатын болады.
Қолдағы деректер бойынша, Үндістанның 26 хайуанаттар бағында және 16 циркте шамамен 140 піл ұсталады. Тек Дели хайуанаттар бағының өзінде үш піл тіршілік етеді. Жануарларды көшіру туралы шешім қабылдаған шенеуніктер мұны дене-тұрқы үлкен жануарлардың еркін жүріп-тұрулары өте көп орынды қажет ететінімен және пілдерге жайлы болу үшін қажетті жағдайларды заманауи хайуанаттар ұстау тұрақтары да жасай алмайтынымен түсіндірді.
Үндістанда 10 мыңға жуық пілдер тіршілік етеді. Бұл - пілдердің Азиядағы ең үлкен таралымы, алайда олардың өзі браконьерліктен және адамдар қызметтерінің қоршаған ортаға келтірген зиянынан құрып кетудің аз-ақ алдында тұр.