500 метр қашықтық бойынша ерлер арасындағы екі айналым «Медеу» мұз айдынында өтті. Кречтің кезегіндегі старт алдыңғы жүгіру кезіндегі спортшының құлауына байланысты кейінге шегерілді. Аталған спорт түрі бойынша Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Людмила Прокашеваның айтуынша, алғашқы жүгіруде Кречтің 8-ші болып келуіне осы айналымдағы спортшының сәтсіздігі себеп болды.
«Біз Романнан үміт күттік. Ол үмітімізді ақтар да еді. Оның кезегіне дейінгі спортшының құлауы өкінішті болды», - деді Людмила Прокашева журналистерге айтқан пікірінде.
Алғашқы жүгіру қорытындысы бойынша Креч жеңіске жеткен корейлік спортшы Минк Шадан 0,84 секундқа кеш келді.
Ал бүгінгі екінші жүгіруде Креч алтыншы келіп, сайыстағы жеңіскер жапондық Кото Накаодан 0,96 секундқа кешікті.