Универсиаданың жабылу рәсімі жезтаңдай әнші Ардақ Балажанның ән шашумен басталды. Келесі кезекте Жәмилә Серкебаева скрипкада Түркештің «Көңіл ашар» күйімен әрлей түсті. Ал «Ұлытау тобы» Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйін төгілтті.
Айта кетейік, Универсиада ойындарына 85 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Жалпы командалық есепте Ресей командасы бірінші орын алды. Олардың еншісінде 28 алтын, 27 күміс және 15 қола медаль бар. Екінші орында Қазақстан құрамасы. Біздің спортшылар байрақты бәсекеде 11 алтын, 8 күміс және 17 қола жеңіп алды. Үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндеді. Бұл елдің спортшыларында 11 алтын, 5 күміс және 5 қола медаль бар.