ОРАЛ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Ана тілі аруы» байқауы өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оған барлығы он бір ару қатысып, төрт кезеңге созылған сұлулық бәсекесінде сынға түсті. Олар өздерін таныстырып, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін, мақал-мәтелдерін қаншалықты білетіндігін көрсетті.
Ана тілді ардақтау мақсатында ұйымдастырылған сайыс қорытындысында Әйгерім Орынғалиева бас жүлдені жеңіп алды. Енді ол республикалық байқауға қатысатын болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).