Қалалық соттан хабарлағандай, ол 2010 жылдың наурыз айында үш кеншінің қазасына әкелген еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуына жол бергені үшін кінәлі деп танылды. Рудник учаскесінің басшысы бір жыл шартты мерзімге кесілді.
Естеріңізге сала кетейік, наурыздың 20-сында Сәтбаевтағы №67 шахтаның «Степной» руднигінде төтенше оқиға орын алып, үш жұмысшы қаза тапқан еді.